Ақп 18, 2017 15:21 Asia/Almaty
  • Рухани Иранның еркін күрес командасын әлем кубогында жеңіске жетуімен құттықтады

ИИР призеденті Иранның еркін күрес командасының Керманшахта еркін күрестен өткен әлем кубогында жеңіске жетуімен құттықтады.

ИИР президенті Хасан Рухани өз хатында еркін күрес ұлттық командасының жеңімпаз атанып, еркін күрес бойынша өткен әлем кубогында Иранның туын көкке көтеруімен құттықтап: «Бұл жеңіс – Иран спортшыларының спорттың барлық түрлерінен биік белестерді бағындырудағы қабілетінің белгісі»,- деді.

Сондай-ақ, Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы, ИИР-ның бірінші вице-президенті мен Сыртқы істер министрі жеке-жеке жолдауларында Иранның еркін күрес командасын Иранның батысындағы Керманшах қаласында спорттың осы түрінен өткен әлем кубогында жеңіске жетуімен құттықтады.

Бұл – Иранның еркін күрес командасының сегізінші жеңісі.

Әзірбайжанның еркін күрес ұлттық  командасы Түркия командасынан  басым үсіп, үшінші орынға ие болды.

 

Тегтер