Ирандықтар - бейбітсүйгіш әрі мақтан етуге тұрарлық тарих пен мәдениетке ие халық
https://itolqyn.com/news/iran-i24438
БҰҰ-ның Ирандағы өкілі ирандықтарды қонақжай, ақылды, бейбітсүйгіш әрі мақтан етуге тұрарлық тарих пен мәдениетке ие халық деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 18, 2017 20:56 Asia/Almaty
  • Ирандықтар - бейбітсүйгіш әрі мақтан етуге тұрарлық тарих пен мәдениетке ие халық

БҰҰ-ның Ирандағы өкілі ирандықтарды қонақжай, ақылды, бейбітсүйгіш әрі мақтан етуге тұрарлық тарих пен мәдениетке ие халық деп атады.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Герри Люис жұма күні кешке Кашандағы Франция апталығының жабылу салтанатында сөйлеген сөзінде: "БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінің кіреберісінде ирандық танымал ақын Сағдидің адамдарды адамгершілікке шақыратын өлеңі жазылған. Бұл  ирандықтардың бейбітсүйгіш рухын көрсетеді" деді.

БҰҰ-ның Ирандағы арнайы өкілі өзінің отбасымен Иранда тұрып жатқанына 4 жыл болғанын және ИИР-ның 29 облысына сапар шеккенін айтып: "Кашан мен үшін ұмытылмайтын қала болды. Әрдайым осы қалаға келгім келеді. Иранның қалаларында көне дәуірлерден қалған көптеген тарихи ескерткіштер бар" деді.