Рухани: Сионистік режим – Батыс елдері құрған жалған режим
(last modified Thu, 23 Feb 2017 09:06:39 GMT )
Ақп 23, 2017 15:06 Asia/Almaty
  • Рухани: Сионистік режим – Батыс елдері құрған жалған режим

ИИР Президенті Палестина мәселесінің ислам әлемінің ең маңызды мәселесі екенін қуаттап: «Сионистік режим – Батыс елдері құрған әрі адам құқықтарын бұзатын жалған режим»,-деді.

Хасан Рухани «Палестина халқының интифазасын қолдау» атты алтыншы халықаралық конференцияның жабылу рәсімінде Палестинаны басып алу тарихына тоқталып: «Палестина бір тайпа пен халықтың мәселесі емес, бір жағынан зұлымдық пен зорлық-зомбылықтың, халықаралық заңдарды елемеу мен халықаралық ұйымдардың тиімсіздігінің белгісі, екінші жағынан әлемдік қауымдастықтың үмітсіздігі мен кейбір ислам елдерінің ұялтатын әрекеттеріне қарамастан, бір халықтың үздіксіз талпыныстарының символы болып табылады.

Палестина халқының құқықтарын орындау мақсатында  барша мұсылмандардың алдында өте ауыр жол жатса да, өз құқықтарын қорғау үшін джиһад жолын таңдаған халық сәттілікке қол жеткізеді»,-деп қуаттады.

 

Тегтер