Ақп 28, 2017 17:35 Asia/Almaty
  • Арақчи: АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзатын болса, зиян шегеді

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының мықты нүктелерге ие екеніне тоқталып, егер АҚШ оны шетке шығарса, өзінің зардап шегетінің ескертті.

Иран Сыртқы істер министрінің Құқық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары әрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуын бақылау штабының басшысы Сейед Аббас Арақчи дүйсенбі күні Теһрандағы «Иранның экономикалық песрпективалары» атты конференцияда: «АҚШ Президенті Дональд Трамп біржақты шешімімен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұза алмайды, өйткені, ол – халықаралық келісім»,- деді. Арақчи еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдауы туралы жолдауларына тоқталып: «АҚШ үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзбау ықтималы бар, бірақ егер бұзатын болса, еруопалықтар өз компанияларының Иранмен жұмыстарын қолдайтындықтары туралы жариялады»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары АҚШ-тың Иранның ядролық дамуының алдын ала алмағанына сілтеме жасап: «Қысымдарға қарамастан Иранның қорғаныс, саясат, қарсыласу  салаларындағы алға ілгерілеуі мен ғылым, әсіресе ядролық ғылым саласындағы дамуы Батысты, соның ішінде АҚШ-ты әскери шабуыл жасау және санкцияларды жалғастыру салаларында үмітсіздендірді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы өз өмірін жалғастырып, Иран оны пайдаланып, өзінің ұлттық күш-қуатын қорғайды»,- деп қуаттады.

 

 

 

 

Тегтер