Рухани: Әртүрлі сахналардағы бүгінгі соғыс – ерік-жігердің соғысы
Иран президенті иман мен қарсыласу және халықтың бірлігінен басымырақ еш қарудың жоқ екенін қуаттап, әртүрлі сахналардағы бүгінгі соғысты ерік-жігердің соғысы деп атады.
Иран президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Иранның солтүстік- шығысындағы Машһад қаласында ислам әлемінің шәһидтерін еске алу және шәһид күнінің халықаралық конгресінде сөйлеген сөзінде: "Ирандық жастар сегіз жылдық қасиетті қорғаныс кезінде талап-жігермен жеңіске жетті. Сол сияқты Ливан Хезболласы да ерік-жігер соғысында сионистік режимді жеңді.
Ливан Хезболласының мүмін жастары әскери құралсыз 33 күнге созылған соғыста сионистік залым, басқыншы, бала өлтіруші қылмыскер режимге қарсы тұрып, сионистік режимнің сырт көзгі айбатын қиратты" деді.
Ол Ирак өзгерістеріне де сілтеме жасап: "Лаңкестер ерік-жігер соғысында Ирак халқынан жеңіліп, Ирак жуырда лаңкестерден аластатылады" деді.
Иран президенті аймақтағы кейбір елдердің қару сатып алуына сілтеме жасап: "Қару мен әскери дамыған қару-жарақ сатып алу жеңіске жеткізбейді, өйткені Йеменнің кедей халқы иманы және мықты ерік-жігерімен шапқыншыларға қарсы жеңіске жетті.
Иранды АҚШ, сионистік режим және оның жалдамалыларына қарсы соғыста жеңіске жеткізетін нәрсе тек қару ғана емес, одан да жоғарырақ иман, талап- жігер, бірлік және халықтық қарсыласу болып табылады" деді.
Иранның солтүстік-шығысындағы қасиетті Машһад қаласындағы ислам әлемі шәһидтерін еске алу мен шәһид күні халықаралық Конгресіне Ирак, Ливан, Сирия, Пәкістан, Тунис және Босния мен Герцеговина елдерінен қатысқан 30 қонақпен қоса, Иран шәһидтерінің отбасыларынан 300, Хорасан Разави облысынан 400 адам қатысып отыр.