Иран президенті халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасын көтеру қажеттігін қуаттады
ИИР президенті Машхад қаласындағы имам Реза (ғ.с.) атындағы 610 орындық аурухананың салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Иран халқына қысқа уақытта сапалы медициналық қызмет көрсетуге талпыныс жасау керек",- деп қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні өткен осы рәсім барысында денсаулық мәселесін өте маңызды деп атап, соңғы бірнеше күнде Иранда 10 аурухананың ашылуына қуаныш білдірді.
Сонымен қатар, Иран президенті Машхадта жаңадан ашылған аурухананың дамыған құралдармен жабдықталғанына сілтеме жасап: "Мемлекеттік ауруханалардың ішінде осы аурухана секілді әдемі әрі толық жабдықталған аурухана өте аз",- деді.
Иранның Денсаулық сақтау министрі сейіт Хасан Ғазизаде Һашеми де осы салтанатты рәсімде: "Соңғы 20 күн аралығында Иран бойынша 10 аурухана ашылды. Олардың арасынан 800 орындық Күрдстан ауруханасы мен Бирджанттағы Пакдашт пен Рази ауруханаларын атауға болады",- деді.
Иранның шығысындағы ұлттық ауруханалар жобаларының ең ірісі әрі Машхадтың заманауи құралдармен жабдықталған емдеу орталығы саналатын 610 орындық имам Реза ауруханасы кеше сәрсенбі күні ИИР президентінің қатысуымен салтанатты түрде пайдалануға берілді.