Рухани: Қарсыласу экономикасы саясаты барлық мақсаттарға жеткенше жалғасады
https://itolqyn.com/news/iran-i25260
ИИР президенті Иранның экономикалық және өндірістік инфрақұрылымдарын күшейту мақсатында үкіметтің қарсыласу экономикасы шеңберінде жасаған қадамдарын оң деп бағалады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 15, 2017 21:43 Asia/Almaty
  • Рухани: Қарсыласу экономикасы саясаты барлық мақсаттарға жеткенше жалғасады

ИИР президенті Иранның экономикалық және өндірістік инфрақұрылымдарын күшейту мақсатында үкіметтің қарсыласу экономикасы шеңберінде жасаған қадамдарын оң деп бағалады.

Иран президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні 1395-ші жылдағы үкіметтің соңғы отырысы аясында тілшілер алдында: «Биылғы жылы (1395) экономикалық және өндірістік инфрақұрылымдар негізінде Иранда оң әрекеттер жасалды.

Қауіпсіздік орнату, экономикалық бағдарламаларды алға жылжыту, астық саласында өзін өзі қамтамасыз ету, энергия саласындағы бұрынғы артта қалушылықтардың орнын толтыру, тамақ өнімдері, ауылшаруашылығы, рельстік, құрлық, әуе тасымалы мен туризм өнеркәсібі негізінде ілгерілеушілік, сондай-ақ бөгеттер мен жаңа стансалар ашу Иран үкіметінің 1395-ші жылдағы ең маңызды шараларына жатады» деді.

Ол сондай-ақ мұнайға деген тәуелділіктің азаюы мен 1395- ші жылғы бюджетте алым- салыққа иек арту, мұнай экспорттау саласында бұрынғы орынға қол жеткізу және тасымалдау саласындағы қиыншылықтарды шешуді Иран үкіметінің қарсыласу экономикасы саясатын іске асыру бағытындағы шаралары деп атады.

Иран президенті Иран халқының әрдайым экономикалық, саяси және әлеуметтік негіздерде үкіметтің жанынан табылғанын мәлімдеп: «Көбірек еңбек ету арқылы барлық салаларда, әсіресе экономика саласында табысқа, даму мен өркендеуге  жету керек» деп баса айтты.