Қарымта әрекетте Иран 15 америкалық компанияға санкция салды
Иран СІМ өз мәлімдемесінде осы компаниялармен кез-келген қатынасқа тыйым салынып, Иранда олардың мал-мүлкі тәркіленетінін мәлімдеді.
Иран СІМ-нің ақпарат торабының мәлімдеуі бойынша осы мәлімдемеде: «Иран ислам республикасының СІМ Құрама Штаттардың қабылдауға келмейтін жалған сылтаулармен ирандық және ирандық емес азаматтар мен органдарға қарсы шекарадан тыс біржақты санкция салу шарасын халықаралық құқық пен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қайшы шара ретінде айыптап, елдің қорғаныстық әлеуетін күшейту мен дамыту, соның ішінде кез- келген сырттан жасалатын шапқыншылыққа қарсы заңды қорғану хақысы үшін және қоқан-лоққылар алдында сақтандыру әлеуетін жоғарылату мақсатындағы зымырандық қорғанысын күшейтуді кесімді шара санайды. Иран ислам республикасы өзінің жер тұтастығын қорғау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында өзіне еш шектеу қоймайды» деп қуаттады.