Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері: «ИИР кез-келген қоқан-лоққыға төтеп беріп, әрбір ықтималды басқыншылыққа кесімді, мықты әрі өкіндірерліктей жауап береді»,-деді.
Аятолла сейіт Ахмад Хатами Теһран жұма намазының құтпаларында: «ИИР жүйесі мен тәуелсіздігіне қатер төнгенге дейін тікелей қарсылыққа бармайды»,-деп баса айтты.
Аятолла Хатами Батыста «Ираннан үркіту» жобасының қайта іске қосылғанын айтып: «Батыс елдері мен Таяу Шығыс аймағының кейбір араб елдерінде Ираннан үркіту соны тақырып емес. Оның себебі Иранда ислам мен әділеттің билік құруында, өйткені бұл принцип олардың болмысына қатер төндіреді»,-деп қуаттады.
Теһран жұма намазының құтпагері Сауд Арабиясының Йемендегі қылмысы мен осы елдің жазықсыз халқын қырып-жоюына тоқталып: «Йемендегі қырғынның жалғасу себебі америкалық және еуропалық қару-жарақтардың Сауд Арабиясына жөнелтілуі мен соған қатысты халықаралық қауымдастықтың үнсіздігі болып табылады. Бұл тақырып адам құқығын демеушілердің теріс әрекеттерінің арта түсуіне себеп болды»,-деді.