Иран Ұлыбритания премьер-министрінің уәждеріне жауап берді
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Аймақтағы бейкүнә халықты өлтіру үшін басқыншыларға қару-жарақ сату, әсіресе Сауд Арабиясының Йеменге қатысты теңсіз және адамгершілікке жатпайтын басқыншылық әрекеті Ұлыбритания премьер-министрінің уәждерімен үйлеспейді» деді.
Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауынша, Бахрам Ғасеми бейсенбі күні таңертең Тереза Мэйдің Сауд Арабиясында ИИР-н аймақта тұрақсыздық тудырушы деп айыптаған уәждеріне реакция білдіріп: "Өкінішке орай, бұл Ұлыбритания премьер-министрінің шындықтың орнына өтірікке артықшылық беруінің алғашқы жайты емес.
Ұлыбританияның премьер-министрі соңғы онжылдықтар ішінде аймақта орын алған өзгерістер мен оқиғалардың тарихына оңай көз жұма қарап отыр. Ол Таяу Шығыс аймағындағы тынышсыздық, тұрақсыздық пен артта қалушылықтың аймақ елдерінде қанау, басқыншылық пен соғыс отын өрбіту мақсатындағы Ұлыбритания мен оның одақтастарының отаршылдық, экспансистік және әділетсіз саясаттарының салдарынан туғанын қасақана түрде ұмытып қалды» деді.