Америкалықтар өздерін әлемнің полициясы мен судьясы санайды
(last modified Sat, 08 Apr 2017 17:21:44 GMT )
Сәу 08, 2017 23:21 Asia/Almaty
  • Америкалықтар өздерін әлемнің полициясы мен судьясы санайды

ИИР президенті Рухани АҚШ-тың Сирияның әуе базасына жасаған шабуылын айыптап: «Америкалықтар өздерін әлемнің полициясы мен судьясы санайды» деді.

ИИР президенті Хасан Рухани сенбі күні Теһранда "Қарсыласу экономикасы және ауылдық даму" атты форумда Сирияда химиялық қаруларды қолдану тақырыбын зерттеу үшін бейтарап елдердің қатысуымен ақиқатты анықтайтын топтың құрылуын сұрап: «БҰҰ-ның мәлімдеуі бойынша Сирия үкіметінің химиялық қаруы жоқ. Ақиқатты анықтайтын топ америкалықтардың қатысуынсыз әрі басқаруынсыз құрылып, Сирияда қолданылған химиялық қарулардың қайдан келгені мен кім әкелгені тексерілуі керек» деді.

Рухани сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптың лаңкестермен күрес туралы мәлімдемесіне сілтеме жасап: «Егер америкалықтар өз сөздеріне адал болса, неліктен алғашқы қадамда лаңкестерге көмектесіп,  Сирия армиясына қарсы әрекетке барды?» деді.