Иран мәжілісінің депутаттары АҚШ-тың Сирияға жасаған шабуылын айыптап, мәлімдеме жариялады
Иран ислам кеңесі мәжілісінің депутаттары мәлімдеме жариялап, АҚШ-тың Сирияға жасаған зымырандық шабуылы мен осы елдің ұлттық егемендігін бұзуын айыптап, халықаралық ұйымдардың жауап беруін талап етті.
Иран ислам кеңесі мәжілісі депутаттарының мәлімдемесінде: «АҚШ-тың Сирияға жасаған зымырандық шабуылдары барлық халықаралық қағидалар мен ережелерді және мемлекеттердің ұлттық егемендігін бұзу болып табылады. Лаңкестер Сирияда кейбір алпауыт елдер мен аймақ мемлекеттерінің қолдауына ие бола тұра күн сайын жеңіліске ұшырап отырған жағдайда Американың заңсыз шарасы лаңкестерге қолдау көрсету мақсатында және оларға жеңілістен қашуға үміт беріп, олардың рухын көтеру мақсатындағы әрекеті саналады» деп жазылған.