Сәу 10, 2017 14:53 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Сирияға шабуылы – стратегиялық қателік

Ислам революциясының жетекшісі Иран Қарулы күштерінің аға қолбасшыларымен Наурыз мерекесінен кейінгі кездесуінде АҚШ-тың Сирияға жуырдағы әскери шабуылына тоқталып, бұл оқиғаны әртүрлі аспектілер тұрғысынан зерттеудің маңыздылығын қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи кездесу барысында АҚШ-тың Сириядағы авантюристік әрекетін бірнеше тұрғыдан сараптап: "Америкалықтар жасаған әрекет стратегиялық қателік болып табылады. Олар бұрынғылардың қателігін қайталап отыр.

АҚШ-тың бұрынғы басшылары ДАИШ-ті құрған немесе оларға көмек көрсеткен. Американың қазіргі басшылары да ДАИШ-тің немесе сол секілді топтардың күшеюіне жағдай жасап отыр",- деді.

Өткен аптада Сирияның Идлиб облысындағы Хан-Шейхун аймағында орын алған күмәнді химиялық шабуыл кезінде АҚШ Дамаскті оппозиционерлерге қарсы химиялық қару қолданды деп айыптады. АҚШ өзінің Сирияға жасаған шабуылын түсіндіруде Сирияның химиялық қару пайдалану қабілетінен айыру мақсатында жасағанын баса айтты. АҚШ-тың бұл уәжі негізсіз. АҚШ-тың қара іс-құжатында адамзатқа қарсы көптеген қылмыс, соның ішінде химиялық қару пайдалану және әлемдік қылмыскерлерді химиялық қару-жарақпен қамтамасыз ету секілді әрекеттер тіркелген жағдайда осы ел химиялық қаруды қолданушылармен күрес мәселесі туралы уәж айтушылардың алғашқы сапында орналасқан. Осындай жағдайлардың қатарында Иран-Ирак соғысы кезіндегі Саддам Хосейннің Иран және Ирак халқына қарсы химиялық шабуылдары кезінде жасалған қылмыстарды атауға болады. Соның салдарынан Иран мен Ирактың мыңдаған азаматы батыс елдерінің Саддамға ұсынған химиялық қарулардың құрбаны болды. АҚШ-тың арсеналдары әлі де химиялық, биологиялық және жаппай қыру қаруларына лық толы. Оларды тағы да адам баласына қарсы пайдалануы әбден мүмкін. Шынтуайтында, АҚШ-ты билеп отырған соғысқұмарлар кез-келген қылмыс жасаудан тайынбайды. Революция жетекшісі АҚШ-тың әрекеттерін сараптау кезінде дәл осы мәселеге сілтеме жасап, АҚШ-тың Иран-Ирак соғысы кезінде осы қаруларды Саддам Хосейннің ықтиярына ұсынған елдердің қатарына кіретінін айтты.

АҚШ-тың Сирияға зымырандық шабуыл жасауы БҰҰ-ның Женева келіссөздерін өткізу үшін ақырғы кезеңде талпыныс жасап жатқан жағдайда орын алды. Осы мәселеге байланысты, бұл шабуыл АҚШ-тың сценариімен Сирия істеріне көбірек араласу мақсатында жасалды деген болжам айтуға болады. Шын мәнінде, АҚШ-тың пікірінше тек тосын, күтпеген әскери әрекеттер ғана Сириядағы өзгерістер үдерісінің негізгі бағыттан ауытқуына себеп бола алады. Сондықтан АҚШ-тың зымырандық шабуылы Сириядағы саяси келіссөздердің бағытын әскери шешімге итермелей алатын алдын ала жоспарланған әрекет саналады. Революцияның мәртебелі жетекшісінің пайымдауынша, бұл әрекет АҚШ-ты шығуы қиынға соқтыратын батпаққа түсіретін стратегиялық қателік болып табылады. Осындай күмәнді әрі авантюристік жанжал құру арқылы АҚШ халықаралық адам құқықтарына негізделген барлық заңдар мен міндеттемелерді түйткілге ұшыратты.  

 

Тегтер