Лариджани: Батыс елдері аймақта лаңкестік әрекеттерді өрістетуді көздейді
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы «Батыс елдері аймақтағы лаңкестік әрекеттерді өрістету арқылы осы дағдарыстың отын лаулатуды көздеуде» деді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани мәжілістің бүгін дүйсенбі күнгі ашық отырысында Американың Сирияға жуықта жасаған әскери шабуылына сілтеме жасап: «Аймақта іске асырылып жатқан астыртын әрекеттер көп уақыттан бері батыс елдері тарапынан жоспарланған. Олар дағдарыс отын лаулату арқылы өз мақсаттарына жетпек. Осы от соңында батыстықтардың өздерін шарпиды» деді.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы сондай- ақ мәжілістің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясына Американың аймақтағы авантюристік әрекеттерін қарастыруды тапсырып: «Мәжілістің ұлттық қауіпсіздік комиссиясы осы мәселені қарастырсын. Тіпті, қажет болса осы негізде саяси және дипломатиялық шаралар атқарылсын» деді.