Еуропа Одағының адам құқығы тақырыбына екіұшты қатынас көрсетуі тиімсіз іс
(last modified Thu, 13 Apr 2017 02:37:49 GMT )
Сәу 13, 2017 08:37 Asia/Almaty
  • Еуропа Одағының адам құқығы тақырыбына екіұшты қатынас көрсетуі тиімсіз іс

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми Еуропа Одағының адам құқығы мәселесі бойынша Иранға қарсы санкцияларды ұзартуын айыптап: «Еуропа Одағының адам құқығы тақырыбына екіұшты әрі саяси қатынас көрсетуі сәтсіздікке ұшыраған тиімсіз үдеріс» деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні Еуропа Одағының адам құқығы мәселесінде Иранға қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартуына білдірген реакцияда: «Еуропа Одағы Ирандағы адам құқығы жағдайын дұрыс түсінбейтінін және өте саяси қатынас көрсетуімен Ирандағы діни демократиялық жүйедегі азаматтық құқыққа қатысты шындықтарға көзжұмбайлық танытып отырғанын көрсетті.

Иран осындай бұрмалаушылықтар мен кеңістік қалыптастыруларға қарамастан, исламның озық қағидалары мен Конституция бойынша өз азаматтарының құқығын қорғау мен жоғарылатудағы өзінің ұстанған бағытын жалғастырады» деді.

Мигранттар мен аз санды ұлт өкілдерінің еуропалық елдерде құқықтары жаппай бұзылып, Ұлыбритания мен Франция сияқты еуропалық елдерде нәсілшілдік өрістеп жатқан жағдайда Еуропа Одағы Иранға қарсы адам құқығы мәселесіндегі санкцияларды ұзартып отыр.