ИИР президенті су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қажеттігін қуаттады
ИИР президенті өз үндеуінде Хасан Рухани Шығыс және Батыс Әзірбайжан мен Ардабил облыстарының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарының қайғысына ортақтастық білдіріп: «Үкімет келтірілген шығындардың орнын толтыруға көмектесіп, жағдайды қалпына келтіргенше осы облыстардың халықтарының жанынан табылады» деп қуаттады.
ИИР президенті өз жолдауында тағы да барлық аппараттар мен жәрдем көрсететін органдардан жедел түрде қолда бар мүмкіндіктердің барлығын жұмылдырып, зардап шеккендер мен жараланғандарға қол ұшын беруге барынша талпыныс жасауды және зардап шеккен аймақтардың істерін тезірек ілгерілетуді талап етті.
Өткен күндері Иранның солтүстік-батыс және батысында орналасқан Шығыс Әзірбайжан, Батыс Әзірбайжан, Ардабил және Күрдістан облыстарында бұрын-соңды болмаған жауын- шашын өзендердің арнасынан тасуы мен осы облыстардың кейбір аймақтарында су тасқынына себеп болды.
Иранның солтүстік-батыс және батысындағы облыстарда су тасқынында көз жұмғандардың саны 42 адамға жетті.