Ислам революциясының жетекшісі сотталған бірқатар адамды кешіру немесе жазаларын жеңілдетуге келісім берді
(last modified Tue, 25 Apr 2017 11:31:57 GMT )
Сәу 25, 2017 17:31 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі сотталған бірқатар адамды кешіру немесе жазаларын жеңілдетуге келісім берді

Ислам революциясының жетекшісі Мемлекеттік жаза қолдану жөніндегі ұйым мен Иран Қарулы күштері Сотының қоғамдық және революциялық заң бұзушылыққа қатысты сотталғандардың бірқатарын кешіру немесе жазаларын жеңілдету немесе алмастыру туралы ұсынысына келісім берді.

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с) пайғамбарлық міндеті басталған күні қарсаңында Иран Сот билігінің төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани Ислам революциясының жетекшісіне жолдаған хатында істері қажетті шарттар жөніндегі комиссия тарапынан анықталған  593 сотталған адамға амнистия жариялау немесе жазаларын ауыстыру туралы ұсыныс жасаған болатын. Ислам ревеолюциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бұл ұсынысты қабылдап, келісім берді.