Күпірлік әлемі исламдық болмысты жоюды мақсат етіп отыр
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі "Құдайға иман келтіру және шектен шығушыға күпірлік" деген құрани қағиданы түсініп, соны іске асыруды ислам үмбетінің ғиззатына себеп болады деп атап: «Бүгінде күпірлік әлемі әлемнің әр жерінде исламдық болмысты жоюды мақсат етіп отыр» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи әлемнің 83 елінен Құран Кәрім халықаралық жарыстарының 34-ші кезеңіне қатысушы ұстаздар, қарилер және Құран хафиздерін қабылдауда исламдық болмысты дұшпандардың араласуы мен үстемдік етуіне кедергі болады деп атап: «Құрани ілімдер құтқарушы әрі сындарлы және ислам үмбетінің абырой-ғиззатпен ғұмыр кешуінің ұйытқысы болып табылады» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи ислам үмбетінің бүгінгі кіріптарлығын Батыс мәдениеті, экономикасы және саясатының үстемдігінің салдары деп атап: «Бүгінде көптеген ислам елдері исламдық болмыстан кенде. Дұшпандар олардың мәдениеті, наным-сенімі, экономикасы, саясаты және әлеуметтік қатынастарына араласып, мұсылмандар арасында соғыс пен қашықтық қалыптастырады» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Құраннан алшақтауды дұшпандардың асыра пайдалануы мен имансыздық және тәуелділікке себеп болады деп: «Исламдық үкіметтер мен елдердің АҚШ, сионистік режим және тонаушылар алдындағы бүгінгі жағдайы Құраннан алшақтаудан туындап отыр. Егер Құран мен исламдық болмысқа жақындасақ, осы қиыншылықтардың барлығы шешіледі» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сондай- ақ Құрани түсінікті таратуға талпыныс жасауды ең үлкен игілік деп атап, Иранда құрани әрекетті жалғастыру қажеттігін қуаттап: «Өкінішке орай, мұсылман ұлттар мен ислам елдері Құраннан алшақтап кеткен. Олар Құранның шынайы ұғымдарымен таныс емес» деді.