Сайлау – халық пен Ислам республикасы жүйесінің бір-бірін қолдауының тамаша үлгісі
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи мыңдаған жұмысшы мен жұмыс берушілермен кездесуі кезінде алдағы сайлауға сілтеме жасап, президенттік сайлаудың алты үміткеріне халықтың қамын ойлауға кеңес беріп, халықтан дауыс беруге жаппай қатысуды сұрады.
Хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні президенттік сайлаудың он екінші кезеңі мен қалалық және ауылдық кеңестерге сайлауға жиырма күннен аз уақыт қалғанда: "Жұмысшылар мен халықтың барлық топтарының сахнадағы құзыры соғыс пен дұшпанның қолсұғушылығының көлеңкесін Иран халқының басынан алыстатты. Алдағы сайлауға мемлекет, жүйе мен қауіпсіздікті сүйетін адам қатысады. Себебі, халықтың шешуші құзыры Иранды дұшпанның қастандығынан сақтайды",- деді.
Сайлау демократиялық мемлекеттердегі ең маңызды құрамдас бөлік саналады. Ал Исламдық Иранда бұл компонент халықтың діни билігі үлгісінде анықталған. Бұл саяси үлгідегі халықтың еркі мен қалауы басқа сайлау жүйелерімен салыстырғанда ерекше маңыз бен рөлге ие. Иранда сайлау кезінде халық алғашқы және соңғы сөзді айту құқығына ие және Атқарушы биліктің жауапкершілігін ұсыну үшін Конституциялық кеңестің біліктіліктерін растаған үміткерлердің ішінен ең лайықты үміткерді таңдайды.
Мысалы, АҚШ-та сайлау коллегиялары арқылы (Electoral college) ең көп дауыс жинаған үміткер АҚШ-тың президенті болып сайланады. Дональд Трамптың президент атанған жағдайы сынды, яғни бұл елде сайлау кезінде халық соңғы сөзді айтып, қорытындылау рөліне ие емес деген сөз.
Иран халқының түрлі саяси сахналарда, әсіресе сайлауға қатысуы Иран Ислам Республикасының қауіпсіздігі мен күш-қуатына кепілдік беріп, оның деңгейін көтереді. Осылайша, халықтың сайлауға жаппай қатысуы күшті арттырушы элемент болып табылады. Ирандағы президенттік сайлаудың он бір кезеңін ұйымдастыруға шолу жасайтын болсақ, осы сайлауларда орташа есеппен халықтың 65 пайызының қатысуы жыл сайын Иранның қауіпсіздік көрсеткішін арттырып отырған. Халықтың Ислам республикасындағы белді рөлге ие болуы дұшпандардың қорқынышы мен күмәнін тудырып, олардың халық пен ислам республикасы жүйесін бір-біріне қарсы қою мақсатындағы қастандық әрекетін сәтсіздікке ұшыратты.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, халықтың саяси сахнада құзыр тебуінен қорқу дұшпандардың Иранға қарсы кез келген қатал амал мен әрекет етуіне тосқауыл болған негізгі дәлел саналады. Себебі, дұшпандар халықтың саяси сахнадағы құзырынан шынымен қатты қорқады.
Халық шамамен соңғы 40 жылдың ішінде Иран Ислам Республикасына үнемі қолдау көрсетіп келді. Дәл осы қолдау әрдайым дұшпандардың саяси есептерін бұзып отырды. Дұшпандар Иран Ислам Республикасына соққы беруге ұмтылған сайын, халық қырғылықпен сахнаға келіп, дұшпандардың астыртын әрекеттерін залалсыздандырып отырды. Халықтың Ирандағы президенттік сайлаудың оныншы кезеңінен кейінгі аса сезімтал сахнада құзырға ие болуы 2009 жылдағы астыртын әрекетті залалсыздандырып, қастандық әрекетті халық пен Ислам республикасы жүйесімен бетпе-бет кездестіріп, оны сәтсіздікке ұшыратты.
Ислам революциясы жетекшісіның көзқарасы бойынша, Ислам республикасының аймақтағы дамуы, күш-қуаты, абыройы, ар-намысы мен ықпалы халықтың жүйеге қолдау көрсетуі мен тілектестігінің арқасында. Ислам революциясынынң жетекшісі осы маңызды принцип пен құрамдас бөлікке назар аударып, халықтан алдағы сайлауларға жаппай қатысуды сұрады.