Зариф: Дұрыс саясат - Иранның әлемдегі айбынының факторы
https://itolqyn.com/news/iran-i26684
Иран Сыртқы істер министрі: «Иран ислам республикасының аймақ пен әлемдегі айбыны Иранның дұрыс саясаты мен таңдауларының нәтижесі болып табылады» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 02, 2017 22:04 Asia/Almaty
  • Зариф: Дұрыс саясат - Иранның әлемдегі айбынының факторы

Иран Сыртқы істер министрі: «Иран ислам республикасының аймақ пен әлемдегі айбыны Иранның дұрыс саясаты мен таңдауларының нәтижесі болып табылады» деді.

Мұхаммад Джавад Зариф: «Осы дұрыс таңдаулар өзгелердің, атап айтқанда АҚШ пен аймақтағы кейбір елдердің қате таңдауларына қарсы Иранның үздік орында болуына себеп болып отыр. Иран ислам республикасы әрдайым көршілерімен сұхбаттасуға және қиыншылықтарды шешуге әзір.

Егер Сауд Арабиясы үкіметі тәкфирлік және экстремистік топтарға қолдау көрсету саясаты мен Йемен халқына қарсы соғыстан бас тартса, Иран Сауд Арабиясымен қарым-қатынасты жақсартуға дайын» деді.