Иранда президенттік сайлаудың он екінші кезеңіне үміткерлердің екінші пікірталасы өтті
Maм 06, 2017 15:31 Asia/Almaty
Ирандағы президенттік сайлаудың он екінші кезеңіне (19 мамыр) үміткерлердің екінші пікірталасы 6 үміткердің қатысуымен мәдени және саяси мәселелер тақырыбында өтті.
Ирандағы президенттік сайлаудың он екінші кезеңінің 6 үміткері - Хасан Рухани, Ибрахим Раиси Садат, Мұстафа Ағамир Салим, Мұхаммад Бағер Ғалибаф, Мұстафа Һашемитаба мен Исхақ Жаһангири осы пікірталаста саяси және мәдени мәселелерді талқылап, өздерінің бағдарламалары мен көзқарастарын білдірді.
Рухани «Исламдық Иранның өмір сүру стилінің батыстық өмір салтынан айырмашылығы қандай? Исламдық Иранның өмір сүру стилін тарату үшін қандай бағдарламаңыз бар?» деген сауалға жауабында: «Біздің қоғамның мәдениеті мен өмір салты – түбегейлі мәселе. Бұл салада өте жақсы талпыныстар жасалды. Біз бүгінде адамдардың азаттықты көбірек сезінуіне куә болып отырмыз. Адамдармен қалай қатынас жасағымыз келетінін білуіміз керек. Оларды барлық сала бойынша қабілеттірек еткіміз келе ме, әлде олардың өміріне көбірек араласқымыз келе ме? Бұл – қазір халықтың алдында тұрған мәселе. Олар таңдауы керек»,-деп баса айтты.
Жаһангири «Біздің сүйікті еліміз Иран – аймақтағы ең қауіпсіз әрі қуатты ел. ИИР-ның қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін дамытып, нығайтуды жалғастыру үшін қандай бағдарламаңыз бен стратегияңыз бар?» деген сауалға берген жауабында: «Президенттік лауазым практикадан өтетін жер емес, бұл мемлекеттің экономикасы мен осы елдің халқы саясатқа жаңа келген қайраткерлердің текетіресі, дау-жанжалы мен практикасына төзіп отырмайды»,-деді.
Һашемитаба «Сіз құратын үкіметтің сыртқы саясатының ең маңызды басым бағдары не болады? Лаңкестікпен күресу үшін қандай саясат ұстанасыз?» деген сауалға берген жауабында: «Әлемде ИИР-ның абырой-беделін сақтау және Иран мен басқа елдер арасында ізгі қарым-қатынасты сақтап, барлық салаларда әріптестік жасау назарға алынған»,-деді.
Раиси «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын назарға ала отырып, Иран халқының ядролық саладағы құқығын сақтау және санкцияларды жою үшін қандай әсерлі тәсілдер қолданасыз? АҚШ пен басқа елдер тарапынан оның үсті-үстіне бұзылуына қалай тосққауыл қоясыз?»деген сауалға жауабында: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – келіссөздер негізінде жасалған келісім. Үкімет бүкіл үдерісінен өтіп, кемшіліктері болса да, қабылдаған келісімді біз де, қарсы тарап та ресми түрде таныды. Алайда, егер біз бұл келісімді жасамасақ, қарсы тарап біздің нысандарға шабуыл жасар еді деп айтылған сөздердің жолдауы өте жаман»,-деді.
Ағамир Салим «Үкіметке қарсы партиялар мен сынаушы ағымдармен қандай қатынас орнатасыз?» деген сауалға берген жауабында: «Ислам революциясынан кейінгі барлық үкіметтер халыққа қызмет етуге талпыныстар жасап, өздерінің күш-қабілеттеріне сәйкес сәттіліктерге қол жеткізді. Біздің тақырыбымыз белсенділіктерді сынап, өзгелердің сынын қабылдау болып отыр. Менің ойымша, ешбір үкімет азшылықтың, партиялар мен халықтық ұйымдардың, ғылыми, мәдени-көркемдік құрылымдардың сындарын қабылдамайынша сәттілікке қол жеткізе алмайды. Бұл – біздің дамуымыздың жолы»,-деді.
Ғалибаф «Қалай ғылыми дамудың қарқынын арттырып, білім беру сапасын жоғарылатуға болады?» деген сауалға жауабында: «Мәдениет тақырыбы – қоғамның ең маңызды тақырыптарының бірі. Мәдени мәселелер саласында екі көзқарас бар: біріншісі – қоғамға пессимистік көзқарас, екіншісі – оптимистік. Пессимистік көзқарас бойынша, мәдени тақырыптарға қатты бақылау орнатылып, жабық әрі жебеушілік қатынас көрсетіледі. Оптимистік көзқарас бойынша, біз халықты хабардар ету принципін назарға аламыз. Осылайша, олар өз қарым-қабілеттерін арттырып, халықтық ұйымдармен әріптесіп, осы салада рөл атқара алады»,-деді.
Тегтер