Рухани ғылыми-зерттеу кәсіпорындары өнімдерінің көрмесіне келді
Maм 07, 2017 14:48 Asia/Almaty
ИИР президенті Хасан Рухани сенбі күні кешке Теһранда өткен ғылыми-зерттеу кәсіпорындары өнімдерінің көрмесіне келді.
Ирандық ғылыми-зерттеу кәсіпорындары өнімдерінің бесінші көрмесіне 52 ғылыми зерттеу кәсіпорын мен 56 өнім түрі ұсынылған.
Көрмеде кен орындарындағы газ бен түтінді сезгіш құрылғылар, ұшқышсыз ұшақтар, жоғары жылдамдықты центрифуга, өнеркәсіптік жолмен гибрид көшеттер өсіру және қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек жасау салаларындағы өнімдер жұрт назарына ұсынылды.
Бұдан бұры ИИР-ның Ғылым және технологиялар министрі Мұхаммад Фархади жалпы құны 500 миллион доллардан астам ирандық ғылыми-зерттеу кәсіпорындары өнімдерінің әлемнің басқа елдеріне экспортталғанын хабарлаған болатын.
Тегтер