Иран қарулы күштері дұшпандардың қоқан-лоққыларына кесімді жауап береді
Иран қарулы күштері бас штабының төрағасы Иран қарулы күштері мен халқының айбынына сілтеме жасап: «Дұшпанның кез- келген басқыншылығы кесімді жауапқа тап болады» деді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иран қарулы күштері бас штабының төрағасы дивизия басшысы сардар Мұхаммад Бағери дүйсенбі күні Теһранда өткен рәсімде революция жаулары тарапынан Иран халқына қоқан-лоққылардың жасалуы мен жауыздықтарға сілтеме жасап: «Исламдық Иранның дұшпандары Иранға әскери шабуыл мен шапқыншылықтың қиын әрі мүмкінсіз екендігін мойындап отыр.
Дұшпандар есептесудегі кез- келген ағаттық немесе исламдық жүйе мен елге кез- келген қол сұғушылықтың кідіріссіз, кесімді және өткір жауапқа тап болып, олардың өкініші мен жеңілісіне соқтыратынын білуі керек.
Дұшпандардың шекараларда бейберекеттік тудыру немесе Иранның мүддесіне қол сұғушылық үшін бірнеше лаңкесті жалдап алуы олар үшін қорлықтан өзге нәтиже бермейді» деді.