Рухани Өзбекстан Президентіне құттықтау жолдады
ИИР Президенті Өзбекстан Президенті, үкіметі мен халқын Иран мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толуымен құттықтады.
Иран Президенті Хасан Рухани Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеёвке жолдаған хатында Иран мен Өзбекстан арасындағы тарихи және өркениеттік терең әрі ажырағысыз байланыстарды екі елдің қарым-қатынасындағы мықты тірек деп атап:
Иран мен Өзбекстан өткен жылдары екі ел арасында саяси-экономикалық және мәдени салалардағы әріптестіктерді дамытуда әсерлі қадамдар жасады.
Иран мен Өзбекстан қарым-қатынасын жан-жақты дамыту ортақ мүдделерді қамтамасыз етіп, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуда айқын да мәңгілікке қалатын нәтижелер береді»,-деп қуаттады.