Maм 22, 2017 14:02 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Дональд Трамптың уәждеріне реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрі Твиттер парақшасындағы жазбасында АҚШ президентінің жексенбі күні Сауд Арабиясы сапарында Иранға айтқан уәждеріне реакция білдірді.

ИРНА ақпарат агенттігінің Иран СІМ-не сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Твиттер парақшасында жариялаған жазбасында:"Шынайы сайлауларды өткізген Иран Американы "демократия мен ұстамдылықтың бесігі" дейтін АҚШ президентінің шабуылына тап болып отыр.

Бұл шабуыл сыртқы саясат па, әлде тек Сауд Арабиясынан 480 миллиард долларды "сауып алу" үшін жасалды ма? ",- деді.

Сенбі күні Сауд Арабиясының королі Салман бин Абдул Азиз әл-Сауд АҚШ президенті Дональд Трамппен бірге эр-Риядта әр түрлі сала бойынша көптеген келісімге, әсіресе әскери салада құны жүздеген миллиард доллар тұратын  меморандумға қол қойды.

 

Тегтер