Анкарада орын алған жексенбі күнгі қанқұйлы жарылысқа Эрдоған реакция білдірді
(last modified Mon, 14 Mar 2016 13:08:47 GMT )
Нау 14, 2016 19:08 Asia/Almaty
  • Анкарада орын алған жексенбі күнгі қанқұйлы жарылысқа Эрдоған реакция білдірді

Түркия Президенті жексенбі күні кешке Анкарада орын алған қанқұйлы жарылысқа білдірген бірінші реакциясында: «Барлық үкіметтік органдар халықтың ынтымақтастығымен лаңкестікке қарсы күресіп, лаңкестіктің тізесін бүктіреді»,- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Реджеп Тайып Эрдоған жарылыстан кейін соған қатысты білдірген бірінші реакциясында: «Түркия аймақтағы тұрақсыздықтардың кесірінен лаңкестік шабуылдардың нысанасына алынды. Түркия қоқан-лоққының кез келген түріне қарсы тұрып, ешбір жағдайда өзін қорғау туралы заңды құқығынан бас тартпайды. Қауіпсіздік күштері бүкіл күшімен лаңкестерге қарсы күресін жалғастырады»,- деп қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хосейн Джабери Ансари да Анкарадағы соңғы лаңкестік әрекеттерді айыптап: «Аймақ пен әлемнің әртүрлі жерлеріндегі лаңкестік әрекеттер әлемдік қауымдастықтың ортақ қоқан-лоққысы саналатын лаңкестік және экстремизмге қарсы күресу үшін бірлік пен біртұтастықтың қажеттілігін растайды»,- деді.

Өткен түнде Анкарада орын алған лаңкестік жарылыстың салдарынан қаа болғандардың саны осы уақытқа дейін 34 адамға жетті. Сонымен бірге бұл жарылыста 129 адам жарақат алды. Олардың кейбіреулерінің жағдайы өте нашар.