Рухани Хоррамшахр қаласының азат етілу күнінің жылдығымен құттықтады
ИИР президенті Хоррамшахрды азат ету күнінің жылдығымен құттықтап, хордад айының үшін Ислам жолындағы күрескерлердің ерік-жігерінің зорлық-зомбылықпен шайқастағы жеңіс күні деп атады.
1982 жылдың хордад айының үші – Хоррамшахр қаласы азат етілген күн. Бұл күні Хоррамшахр қаласы ирандық күштер тарапынан азат етіліп, ирактық күштер Иран жерінен қуылды.
Сейсенбі күні Иран Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің мақсаттарына тағы да адалдығын білдіру үшін Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятола Хаменеимен кездескен Хасан Рухани: "Иранның Ислам революциясы халықтың көмегімен баяндылығын сақтап келеді. Халықтың сайлау учаскелеріне ауқымды түрде келуі жүйенің дұшпандардың қастандықтарынан қорғалуына себеп болды" деді.
Рухани Ислам жүйесінің исламшылдығы мен оның республикалық жүйе болуын хазірет имам Хомейни қалдырған естелік пен мұра деп атап: "Халықтың құзырының күші кез келген жерде және кез келген уақытта қиындықтарды шеше алады" деді.