АҚШ-тың Иранды оқшаулауға шамасы жетпейді
Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы АҚШ Президентінің Иранды оқшаулау туралы айтқан сөзіне реакция білдіріп, Вашингтонның Теһранды оқшаулауға күшінің жетпейтінін қуаттады.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясына жасаған жуырдағы сапарында негізсіз уәждерін қайталап, Иранды аймақ қиындықтарының бір бөлігі деп атап, «Иранды оқшаулау керек» деді. Салехи франциялық Le FIGARO басылымына берген сұхбатында Дональд Трамптың Иранның санкциялар кезінде де оқшау қалмай, даму жолында қадам басқанын біліп жүруге кеңес берді.
Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын тоқтату ықтималы туралы айтқан сөзінде: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы америкалықтар тарапынан тоқтатылатын болса, Иран ядролық жұмыстарына қайтып оралып, оны тіпті жылдамдатады»,- деді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойылғаннан кейінгі АҚШ-тың іс-әрекеттері қоқан-лоққы сипатқа ие. АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін Иранның зымырандық сынақтарын сылтауратып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын дағдарысқа тіреу үшін Иранның іші мен сыртындағы компаниялар мен жеке адамдарына қарсы санкция салды. Бірақ Трамптың бұл салада қанша қадам баса алатындығына күмән туады. Ол мамырдың 19 күні өткен Иранның президенттік сайлауынан бірнеше күн бұрын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты әрекетінде Иранға қарсы санкциялардың бір бөлімін алып тастау рұқсатын созып, келісімге табанды екенін көрсетпек болды. Бірақ, сонымен тұспа-тұс Иранның зымырандық күшін қоқан-лоққы деп сылтауратып, жаңа санкция салды.
Трамптың Сауд Арабиясына жасаған сапарындағы сөздері оның ядролық келісімге қатысты келіссөздерді қайтадан бастауға жағдай тудырғысы келеді деген ой туады. Негізінде бұл істі іске асыратын еш қисын жоқ. АҚШ үкіметі де бұл тақырыпқа табанды. Сондықтан Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты басқа әрекеттерді қарастыруда. Қалай болғанда да, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының халықаралық демеу және Қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес, АҚШ біржақты шешім қабылдап, шешімін басқаларға мәжбүрлеп қабылдата алмайды. Сол себепті АҚШ-тың тілмен тиісуінен басқа жолы қалмады. АҚШ-ның Ұлттық Барлау Қызметінің директоры Сенаттың қарулы күштері комитетінің мамырдың 23 күнгі отырысында 2015-ші жылы қол қойылған «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табандылығын хабарлады. Еуроодақтың Сыртқы саясат комиссары Федерика Могерини бұдан бұрын: «Бұл келісімді біржақты түрде қайта қарастыру мүмкін емес. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы қол қойған барлық тараптардың мүддесін қамтиды. Қауіпсіздік кеңесінің қарары бұл келісімді растады»,- деген болатын.