Иранның лаңкестік топтармен күрестегі күш-қабілеті жоғары
https://itolqyn.com/news/iran-i27400
Бір америкалық басылым ИИР-ның ауқымды күш-қабілетін аймақтағы лаңкестік топтармен күресудің әсерлі факторы деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 25, 2017 20:01 Asia/Almaty
  • Иранның лаңкестік топтармен күрестегі күш-қабілеті жоғары

Бір америкалық басылым ИИР-ның ауқымды күш-қабілетін аймақтағы лаңкестік топтармен күресудің әсерлі факторы деп атады.

«Foreign Policy» ақпарат журналы АҚШ Президенті Дональд Трамптың Сауд Арабиясында Иранға қарсы айтқан сөздерін сынап: «Аймақтағы терроризмді жою Иранның қатысуынсыз мүмкін емес.

Иран халқы 2017 жылдың 19 мамырында өткен президенттік сайлауға миллиондап қатысқан жағдайда  АҚШ басшылары бұл жөнінде үнсіз қалып, Иранға қарсы позиция ұстанды»,-деп жазды.

Осы мақалада Иран басшыларының сыртқы саясатта әрдайым тұрақтылық тудыратын позиция ұстанғаны айтылған.

Дональд Трамп осы аптада эр-Риядқа барған сапарында Иранға қарсы сөздерін тағы да қайталады.