Рухани Әзірбайжан Республикасын ұлттық күнімен құттықтады
https://itolqyn.com/news/iran-i27536
ИИР президенті Әзірбайжан Республикасының президентіне жазған құттықтау хатында Әзірбайжан Үкіметі мен халқын мемлекеттің ұлттық күнімен құттықтады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 29, 2017 22:06 Asia/Almaty
  • Рухани Әзірбайжан Республикасын ұлттық күнімен құттықтады

ИИР президенті Әзірбайжан Республикасының президентіне жазған құттықтау хатында Әзірбайжан Үкіметі мен халқын мемлекеттің ұлттық күнімен құттықтады.

Иран Президентінің ақпарат орталығының хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани Әзірбайжан Республикасының президенті Илхам Әлиевке жазған құттықтауында: "Екі ел арасындағы үлкен мүмкіндіктер, соның ішінде тарихи, мәдени, діни байланыстар Иран мен Әзірбайжан елдерінің серіктестігі мен қарым-қатынасын дамытып, екі жақты мүддені арттыруда теңдессіз.  

Осындай құнды салаларды пайдалана отырып, Иран мен Әзірбайжан арасындағы екіжақты серіктестік пен даму арта түседі",- деді.

ИИР президенті сондай-ақ Әзірбайжан Республикасының Үкіметі мен халқына амандық пен табыс тіледі.

28 мамыр Әзірбайжан Республикасының ұлттық күні ретінде жыл сайын тойланады.