Иран Ислам революциясы – Құранмен жақын болудың жемісі
https://itolqyn.com/news/iran-i27924
Иран президенті Хасан Рухани Құранның қызметшілерін ұлықтау рәсімінде Иран Ислам революциясын Құранмен таныс болып, оған жақын болғандықтың жемісі деп атап: "Ислам революциясы Аһле бейттен үлгі алып тәрбиеленіп, Құран мектебінен шыңдалып өткен",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 11, 2017 15:31 Asia/Almaty
  • Иран Ислам революциясы – Құранмен жақын болудың жемісі

Иран президенті Хасан Рухани Құранның қызметшілерін ұлықтау рәсімінде Иран Ислам революциясын Құранмен таныс болып, оған жақын болғандықтың жемісі деп атап: "Ислам революциясы Аһле бейттен үлгі алып тәрбиеленіп, Құран мектебінен шыңдалып өткен",- деді.

Иран президенті ақпарат тарату торабының хабарлауынша, Хасан Рухани сенбі күні кешкі рәсімде Құранды жетекшілік кітабы, ал пайғамбар әулетін мол игіліктің негізі деп атап: "Бұл екі бағалы асыл тастардың әрқайсысы илаһи мұғжиза әрі мұсылмандардың мақтанышы",- деді.

Иран президенті кеше баршаны шиіттердің екінші имамы, имам Хасан Моджтабаның (ғ.с) туған күнінінің жылдығымен құттықтап: "Бүгінде ислам революциясының берекесіне орай халықаралық сахнада ерекше жарқыраған ирандық танымал қарилар Иран Ислам Республикасының нағыз мақтаныштары саналады",- деді.

Құранның қызметшілерін ұлықтау рәсімінің 22-ші кезеңінде Иран президенті әртүрлі салалардағы Құран Кәрімнің қызметшілеріне алғыс хаттар ұсынып, құттықтады.