Иран мен Сирияның банк саласындағы ынтымақтастықтары мәселесі талқыланды
https://itolqyn.com/news/iran-i27944
Иранның Орталық банкінің бас директоры: "Иран мен Сирияның банк саласындағы ынтымақтастықтарын екі елдің валюталарын пайдалану арқылы кеңейту жолдары қарастырылуы тиіс" деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 11, 2017 22:37 Asia/Almaty
  • Иран мен Сирияның банк саласындағы ынтымақтастықтары мәселесі талқыланды

Иранның Орталық банкінің бас директоры: "Иран мен Сирияның банк саласындағы ынтымақтастықтарын екі елдің валюталарын пайдалану арқылы кеңейту жолдары қарастырылуы тиіс" деді.

Иранның Орталық банкінің бас директоры Валиолла Сейф Сирияның Орталық банкінің бас директоры Дурайд Дирғаммен Теһранда кездесуінде екі елдің экономикалық байланыстары үшін қолайлы алаңдарға тоқталып: "Екіжақты кездесулер екі елдің ортақ экономикалық және банктік мәселелеріне байланысты екі тарап үшін де жағымды әсер етеді" деді.