Иран мен Германия бақ өнімдері саласында серіктестік жасайтын болды
Иранның Ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Иран мен Германияның серіктестіктерін бақ өнімдерінің саудасы мен генетикалық модификацияланған тұқымдар мен гибрид және жаңа нарықтарға қолжетімділік салаларында кеңейтетінін мәлімдеді.
Иранның Ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Мохаммад Али Таһмасеби Теһранда Германияның жеке секторы басшыларымен кездесуде: «Иран елде өндірілген жеміс-жидек, шафран және органикалық кепкен жемістерді Германияның жеке секторы арқылы еуропалық нарықтарға экспорттап, таныстыруды қалайды» деді. Ол Германия жеке секторының ынтымақтастығымен шөп-шалам, көкөністердің гибриді мен гүл және әсемдік үшін өсірілетін өсімдіктердің тұқымдары мен жас көшеттер өндіріп, қамтамасыз ету қажеттігін қуаттап: «Иран көкөністердің гибридті тұқымдарын қажет етеді. Сондай тұқымдарды өндіру технологиясын Иранға әкелуге мүдделік танытады» деді.
Гибридтік тұқымдар өсімдіктің екі немесе бірнеше түрін будандастыру арқылы жақсы ерекшеліктерге ие өнімге қол жеткізу мақсатында пайда болады.
Германиялық екі компанияның директорлары да сол отырыста Иранмен серіктестіктерді ауылшаруашылығы өнімдерінің саудасы және бақ өнімдерінің құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету салаларында кеңейтуге әзірліктерін мәлімдеді.