Теһран жұма намазының құтпалары
https://itolqyn.com/news/iran-i28114
Теһран жұма намазының имамы АҚШ-ты Иран халқының негізгі дұшпаны деп атап: "Ислам, Құран мен ислам республикасына иек артып, АҚШ пен дұшпандарға қарсы табандылық көрсетуге болады",- деді
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 17, 2017 17:08 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы АҚШ-ты Иран халқының негізгі дұшпаны деп атап: "Ислам, Құран мен ислам республикасына иек артып, АҚШ пен дұшпандарға қарсы табандылық көрсетуге болады",- деді

Аятолла Мохаммад Али Мовахеди Кермани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында Иранның ұлттық мүдделері Иранның ұлттық болмысына қайшы болмаған сәтте жүзеге асатынын айтып: "Дұшпанға сенбей, оған оң көзқараспен қарамай және жас күштерді пайдаланып,  экономиканы нығайту арқылы дұшпандардың қысымдарына қарсы тұруға болады",- деп мәлімдеді.

Теһран жұма намазының құптагері сондай-ақ алғашқы құтпасында намазхандарды илаһи тақуалыққа шақырып, қасиетті Рамазан айының жиырма бірінші жұлдызы мен мүміндердің әміршісі имам Әли (ғ.с)-ның шәһид болған күнінің жылдығына сілтеме жасап: "Имам Әли (ғ.с) әлемдегі ең ізгі адам болды. Баршанның оның көмегіне мұқтаж болуы бұл хазіреттің шыншылдығы мен даналығының белгісі саналады",- деп баса айтты.