Әлемдік Құдс күні – Палестина мәселесін жандандыру күні
Иран Президенті аймақ пен ислам әлемінің алауыздықтарын сионизм мен лаңкестер үшін пайдалы деп атап: «Аймақта сионизм мен лаңкестікті ауыздықтау үшін ислам әлемінің бірлігі күшейтілуі керек» деп қуаттады.
Иран президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Үкіметтің отырысында Иранның барлық халқын әлемдік Құдс күні өтетін шерулерге қатысуға шақырып: «Сионистер соңғы жылдары аймақта лаңкестікті арттырып, Палестина мәселесінің ұмытылуын мақсат еткендерімен, Палестина мәселесін ешбір жағдайда ұмытуға болмайды» деді. Рухани әлемдік Құдс күнінің Палестина мәселесінің жаңғыру күні екендігін баса айтып: «Әлемдік Құдс күні Палестинаның мазлұм халқына қолдау көрсету, зұлымдыққа қарсы тұру, ислам әлеміндегі келіспеушіліктерді шешу, лаңкестікпен кесімді түрде күрес және алпауыт елдерге, әсіресе, Американың араласушылықтарына жауап беру дегенді білдіреді» деді.
Иранның атқарушы билігінің төрағасы лаңкестікпен күресті сионистерге зиян, ал ислам әлемінің мүддесі үшін деп атап: «Иран маңызды ел ретінде аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін лаңкестікпен күресіп жатқан барлық халықтарға көмектесіп, оларға қолдау көрсетеді. ИИР аймақтағы лаңкестер мен қожайындарына лаңкестік әрекеттерін Иранның ішіне кіргізуге рұқсат бермейді» деді.