Иранның әскери қуаты сенімділік сыйлайды
Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе күштерінің қолбасшысы бригада генералы сардар Амир Али Хаджизаде сегіз жылдық Қасиетті қорғаныс кезеңімен салыстырғанда Иранның әскери күш-қуатының салыстыруға келмейтін деңгейге артқанын айтып: "Иранның әскери қуатының қазіргі жағдайы сенімділік сыйлайтын жағдайда",- деп мәлімдеді.
Бригада генералы сардар Амир Али Хаджизаде Иранның зымырандық және әскери қуаты туралы берген сұхбатында: "Қазіргі таңда сенімді жағдай қалыптасқан. Дұшпан оңайлықпен Иранға байланысты шешім қабылдай алмайды. Олардың айтуынша, Иранның Қарулы күштері әлемдік рейтинг бойынша жетінші орында",- деді.
Қуатты Қарулы күштер кез келген елдің қорғаныстық қуатына кепілдік ретінде қауіп-қатерлерге қарсы қауіпсіздік сыйлайтын ұғым саналады. Бұл өмірлік маңызды принцип барлық мемлекеттердің басты назарында. Осы қағидадан ИИР да тысқары емес.
Бір кездері Иранның әскери әлеуеті шетел кеңесшілерінің, әсіресе америкалықтардың қолында болды. Бұл салада солар шешім қабылдайтын болған. Иран Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін Иранның қорғаныстық және әскери қуаты жергіліктендіру және өз-өзін қамтамасыз ету бағытына түсті. Қуатты әрі тәуелсіз қарулы күштерге ие болу әрбір мемлекет үшін қуат беретін фактор саналады. Ал Ислам революциясы бұл тағдыр шешуші және анықтаушы факторды ИИР-дың қарамағына ұсынды. Басқаша айтқанда, қауіпсіздік орнатушы қуатты пайдалану дегеніміз қуатты қарулы күштер мен әртүрлі әскери құралдарға, әсіресе зымырандарға ие болу дегенді білдіреді. Бұл негізгі фактор әрбір мемлекет үшін "тежегіш күш" сыйлайды. Исламдық Иран джиһадтық талпыныс пен іс-әрекет арқылы әскери қорғаныстық салада белсенді тежегіш күші бар қауіпсіздік орнатушы күшке қол жеткізген.
Исламдық Иран әскери және қорғаныстық салаларда жергілікті білімді пайдалану арқылы тиімді жағдайға кол жеткізді. Бұл жағдай дұшпандардың кез келген әрекетті іске асыруына тосқауыл болады. Бүгінгі таңда Иранның қорғаныстық және әскери өнеркәсіп саласында жасай алмайтын қару жоқ. Радар, басқару орталығы, радиоэлектронды күрес технологиясы, жерден атылатын зымырандық жүйе және т.б. әскери құрал-жабдықтардың барлығы Иранда жасалады. Бригада генералы Хаджизаденің айтуынша, қазіргі кезде Иранның жерден жерге атылатын зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтан әлдеқайда күрделірек қорғаныстық құрал-жабдықтармен өз-өзін қамтамасыз етуге шамасы жетеді. Қорғаныстық өнеркәсіптегі бағдарламалық, аппараттық қуаттың жиынтығы ИИР-н аймақтағы саяси және әскери теңгерімдердегі ықпалды әрі қуатты елге айналдырды.
Иран екі маңызды салада, атап айтқанда саяси және әскери салаларда тәуелсіз мемлекет саналады. АҚШ-тың үнемі ислам республикасымен дұшпандық қатынаста болуы осыдан бастау алады. Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе күштерінің басшысы айтқандай, дұшпандар Иранның қарусызданып, қарсыласа алмайтын жағдайға жеткенін қалайды. Олар ИИР-н қауіпсіздік саласындағы қуатынан айыруды көздеп отыр.
Иранның зымырандық әлеуеті Иранның қауіпсіздік сыйлаушы, сенімділікті арттырушы жағдайының шарықтау шегі саналады. Теһранда маусымның жетісі күні орын алған лаңкестік шабуылдан кейін Ислам революциясы Сақшылар корпусының Сириядағы лаңкестер мен олардың саудиялық, америкалық және сионистік демеушілеріне берен кесімді жауабы Иранның әскери қуатының өскенін көрсетіп, ИИР жүйесі мен халқының дұшпандарына айқын жолдау жіберді. Осыған байланысты, Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Фейсал әл-Меқдад екі күн бұрын Ислам революциясы Сақшылар корпусының Дейр аз-Зурдегі ДАИШ басшылары жиналған базаға қолайлы кезеңде зымырандық шабуыл жасағанына тоқталып: "Бұл шабуыл қолайлы уақытта жасалды. Лаңкестердің демеушілері, әсіресе АҚШ, Сауд Арабиясы мен Израиль үшін ашық жолдау саналады",- деп қуаттады.