Сардар Деһқан: Америка Иранның дамуына тосқауыл бола алмайды
Шіл 01, 2017 23:27 Asia/Almaty
Иранның Қорғаныс министрі Иранның еш уақытта дұшпанға бағынбағанын және келешекте де бағынбайтынын қуаттап: «Ислам республикасы кез келген қоқан-лоққыға қатаң жауап қайтарады»,- деді.
Сардар Хосейн Деһқан АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкциялар салғанына тоқталып: «Иранның зымырандық және қорғаныс салаларындағы жұмыстары белгілі. Иран халқы АҚШ-тың санкцияларына алаңдамайды»,- деп қуаттады.
АҚШ Сенаты маусымның 15 күні Иранға қарсы санкциялардың толық жобасын бекітті. Бұл жобаға зымырандық және қару-жарақ санкциялары кірді.
Тегтер