ИИР президенті Белоруссияның ұлттық күніне орай құттықтау жолдады
Шіл 04, 2017 14:41 Asia/Almaty
ИИР президенті Беларусь республикасының халқы мен үкіметін ұлттық күнімен құттықтады.
Хасан Рухани Беларусь республикасының президенті Александр Лукашенкоға жолдаған хатында екі елдің жақсы қарым-қатынастарының Иран мен Беларусьтің өзара мүдделері аясында кеңейе түсетіндігіне сенім білдірді. Рухани Беларусь үкіметі мен халқына денсаулық, табыс пен өркендеу тіледі.
Шілде айының үші – Беларусь республикасының ұлттық күні. Беларусь халқы жыл сайын бұл күнді атап өтеді.
Тегтер