Рухани: Әлем әсірешілдерге теріс жауап берді
https://itolqyn.com/news/iran-i2872-Рухани_Әлем_әсірешілдерге_теріс_жауап_берді
ИИР президенті әсірешілдер мен соғысқұмарлардың және Иранның зымырандық сынағы тақырыбына байланысты БҰҰ мен Қауіпсіздік Кеңесіне орынсыз жүгінгендердің үмітсіздікпен оралғанына ризалық білдірді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 16, 2016 22:17 Asia/Almaty
  • Рухани: Әлем әсірешілдерге теріс жауап берді

ИИР президенті әсірешілдер мен соғысқұмарлардың және Иранның зымырандық сынағы тақырыбына байланысты БҰҰ мен Қауіпсіздік Кеңесіне орынсыз жүгінгендердің үмітсіздікпен оралғанына ризалық білдірді.

ИИР президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет делегациясының отырысы аяқталған соң тілшілерге берген сұхбатта: «Әлем әсірешілдер мен соғысқұмарларға теріс жауап беріп, Иранның әрекетінің тек елді қорғау бағытында екенін мәлімдеді.

Иран ешқашан ешбір елге, әсіресе көршілеріне шапқыншылық жасауды ниет еткен емес, етпейді де. Ислам республикасының қарулары тек елді қорғау үшін ғана қолданылады. Иран халқы текетірес пен әсірешілдікті қаламайды» деп қуаттаған ИИР президенті Иран халқының көмегімен аймақта бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздіктің орнауына және бірқалыптылық бағытынан шығып, қатыгездікті таңдаған бір-екі елдің түзу жолға оралуына үміт білдірді.