Рухани әлемдік деңгейдегі математика саласы данышпанының қазасына көңіл айтты
ИИР Президенті жолдау жариялап, Иран мен әлемдік деңгейдегі математика саласының данышпаны Мариям Мирзаханидің қазасына көңіл айтты.
Обыр ауруына шалдығып, АҚШ-тың ауруханаларының бірінде жатқан Fields жүлдесінің жеңімпазы, математика пәнінің ұстазы, профессор Мариям Мирзахани кеше, сенбі күні 40 жасында қайтыс болды.
Иран Президентінің аппараты баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани осы хатта: «Әлемнің ғылыми орталарында Иранның даңқын асырған жасампаз данышпанның теңдессіз еңбегі ирандық әйелдер мен жастардың әртүрлі халықаралық салалар мен биік шыңдарды бағындыру жолындағы талпыныстарын таныстырудағы бетбұрыс нүктесі болды»,-деп жазды.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани, Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф, Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи, Ғылым, зерттеулер мен технологиялар министрі Мұхаммад Фархади және БҰҰ-ның Теһрандағы тұрақты өкілі Гари Льюис те хат жолдап, ирандық дарынды әйелдің қазасына көңіл айтты.