Америка «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты стратегиялық қателікке ұрынды
(last modified Sun, 16 Jul 2017 17:23:54 GMT )
Шіл 16, 2017 23:23 Asia/Almaty
  • Америка «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты стратегиялық қателікке ұрынды

Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Салеһи «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының Американы стратегиялық қателікке ұрындырғанын мәлімдеді.

Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Али Акбар Салеһи жексенбі күні Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Машһад қаласында шетелдердегі ирандық ұстаздар мен студенттердің он бірінші конференциясында сөйлеген сөзінде: «Егер «Ортақ қадам» бағдарламасы Америка үшін жақсы болып, іс жүзінде Иранның ядролық өнеркәсібін тоқтатқанда, бүгін Америка президенті Дональд Трамп пен сионистік режим аталмыш бағдарламаға осыншама наразы болмас еді. Иран бүгінде «Ортақ қадам» бағдарламасына қатысты қысым жасайтын құралға ие. Иран «алтылық» тобымен келіссөздерде Натанз нысанындағы алты мың центрифуга мен Фордо нысанында жұмыс істеп тұрған мың центрифуганың жұмысын жалғастыруына қол жеткізді. «Ортақ қадам» бағдарламасы негізінде Иран үшін зерттеу, дамыту, барлау жұмыстары мен бұрғылау және реакторларды жобалау жұмыстарының құқығы бекітілді. Иранда ядролық салада екі ядролық нысан салу келісімдері мен құны 100 млрд долларды құрайтын  жобаға қол қойылды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін Иранда мұнай өндірісі күніне 1 000 000 баррельден 3 900 000 баррельге жетіп, нәтижесінде Иранның мұнай экспорты күніне 2 500 000 баррельге жетті» деді. 

 

Тегтер