АҚШ-тың сөзі мен әрекеті бұл елдің арам ниетінің дәлелі
https://itolqyn.com/news/iran-i29376
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Твиттер әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Иран АҚШ-қа қайшы өз ниетін "Ортақ қадам" бағдарламасының мәтіні мен рухына сәйкестендірді. Бірақ АҚШ-тың сөздері мен әрекеттері бұл елдің арам ниетін дәлелдейді",- деп жазды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 29, 2017 15:11 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың сөзі мен әрекеті бұл елдің арам ниетінің дәлелі

Иран Сыртқы істер министрі Зариф Твиттер әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Иран АҚШ-қа қайшы өз ниетін "Ортақ қадам" бағдарламасының мәтіні мен рухына сәйкестендірді. Бірақ АҚШ-тың сөздері мен әрекеттері бұл елдің арам ниетін дәлелдейді",- деп жазды.

Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф жұма күні өзінің Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Ортақ қадам" жан-жақты бағадарламасындағы әрбір сөз мұқият қарастырылған болатын.

Иран ядролық қарулар өндірген емес, өндірмейді. Сондықтан оларды тасығыш құралдарды да өндіре алмайтыны анық",-деп жазды.

Иран Сыртқы істер министрінің бұл сөздері "Ортақ қадам" бағдарламасының жүзеге асуына кедергі келтіру мақсатында АҚШ-ның Өкілдер палатасы мен Сенаты Иранға қарсы санкцияларды күшейту туралы заң жобасын бекіткен жағдайда айтылды.