Там 03, 2017 16:52 Asia/Almaty
  • Арақчи: АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзды

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуын қадағалау штабының ирандық басшысы АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкцияларының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу болып табылатынын қуатттап: «ИИР АҚШ-тың дұшпандық әрекеттеріне тиісті жауап қайтарады»,-деді.

Сейіт Аббас Арақчи сәрсенбі күні кешке Иранның Бірінші арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкция қабылдау арқылы Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы мүдделерін минималды деңгейге жеткізуді көздейтінін айтып: «Вашингтон ИИР-ның күш-қуатының артуынан қорқады»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын америкалықтардың ИИР-на қарсы ауыр санкцияларды, соның ішінде мұнайға қатысты санкцияларды қайтару жолындағы үлкен кедергі деп атап: «Вашингтон жаңа санкциялар салу арқылы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының сәтті орындалуына ықпал етуге тырысуда.

АҚШ Иранның жеке және  құқықтық тұлғаларына қатысты жаңа санкциялар енгізу арқылы ИИР-ын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуға итермелеймін деп үміттенеді, бірақ Вашингтон Иранның АҚШ үкіметі мен Трамптың саясаттарына шырмалып қалмайтынын білсін»,-деді.

 

Тегтер