Рухани: Иран дұшпандар тарапынан оқшаулануды қабылдамайды
Иран Президенті Хасан Рухани: «ИИР-ның жүйесі елдің тәуелсіздігін абыроймен сақтап қалу үшін шығын шығарып жатса да, дұшпандар тарапынан оқшауланудың таңылуын қабылдамайды»,-деді.
Иран Президенті аппараты баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Руханидің бейсенбі күні Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи тарапынан Иран Президенті болу үкімі расталғаннан кейін: «Иран жамандық тілеушілердің әлемдік жүйеде белсенді рөл атқармау талабына мойынұсынбайды және адамзат баласының практикалық жетістіктері мен өзгерістерінен де алшақ қалуды қабылдамайды»,-деді.
Рухани «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын ИИР-ның халықаралық деңгейде сындарлы да әсерлі әріптестік жасау жолындағы ізгі ниетінің нышаны болғанын айтып: «Иран қазір бұрынғыдан көбірек сеніммен және 2017 жылы 19 мамырдағы сайлауда үлкен ерлік жасаған халықтың қолдауымен өз Конституциясы аясында әлеммен сындарлы да әсерлі әріптестік жасау қажеттігін қуаттайды»,-деді.
Ол ИИР жүйесінің халықтың дауысына сүйенгенін айтып: «Халықтың қатысуы ИИР жүйесінің тығырыққа тірелмеуіне себеп болады»,-деді.
ИИР Президенті он екінші үкіметтің экономикалық бағдарламаны жүйенің жалпы саясаттары мен қарсыласу экономикасына негіздегенін айтып: «Иран үкіметі елде экономикалық революция тудыруды көздейді. Бүгінде әлем елдері бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүріп жатыр. Мұндай жағдайда ұлттық дамуды әлеммен сындарлы әріптестіксіз жүзеге асыру мүмкін емес»,-деді.