Рухани ИИР Президенті ретінде ант берді
https://itolqyn.com/news/iran-i29608
ИИР-ның сегізінші Президенті Хасан Рухани екінші президенттік кезең үшін ант қабылдап, ислам, ИИР жүйесі мен Конституциясын қорғауға ант берді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 06, 2017 18:22 Asia/Almaty
  • Рухани ИИР Президенті ретінде ант берді

ИИР-ның сегізінші Президенті Хасан Рухани екінші президенттік кезең үшін ант қабылдап, ислам, ИИР жүйесі мен Конституциясын қорғауға ант берді.

Хасан Рухани Иранда 2017 жылдың 19 мамырында өткен президенттік сайлаудың он екінші кезеңінде 23 млн-нан астам дауыс жинап, жеңіске жетті.

Хасан Рухани сенбі күні түстен кейін Ислам Кеңесі Мәжілісінде өткен ұлықтау рәсімінде Құран Кәрім кітабын ұстап, Иран Сот органының басшысы аятолла Садық Амоли Лариджани, Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары, Иранның Конституциясын қорғау кеңесінің мүшелері, отандық және шетелдік қонақтардың алдында ант берді.

Рухани ислам, ИИР жүйесі мен Конституциясын қорғауға және өзінің барлық қарым-қабілетін мойнына алған жауапкершіліктерді атқаруға жұмсауға, өзін халыққа қызмет етуге және елді дамытуға арнауға, дін мен ақлақты таратуға, ақиқатты жақтап, әділетті таратуға және кез келген авторитаризмнен бойын аулақ салып, халық үшін Конституция деп танылған жеке және құқықтық бостандықтар мен қадір-қасиетті қорғауға серт берді.

ИИР Президенті ант қабылдағаннан кейін Иран Сот органының басшысы мен Иран Конституциясын қорғау кеңесінің мүшелері алдында ант мәтініне қол қойды. Анттың мәтіні Конституцияны қорғау кеңесінің басшысы аятолла Ахмад Жәннатиге тапсырылды.