Иран Үндістанды энергиямен қамтамасыз етуде сенімді серіктес ел
Иранның вице-президенті Үндістанның Тасымал және кеме қатынасы министрімен кездесуде Иранның Үндістанды электр энергиясымен қамтамасыз етуде сенімді серіктес бола алатынын мәлімдеді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Исхақ Джаһангири жексенбі күні Теһранда Үндістанның Тасымал және кеме қатынасы министрі Нитин Гадкаримен кездесуде Иран үшін Чабаһар портының маңыздылығын қуаттап, Үндістанның аталмыш айлақтағы жобаларды жүзеге асыруға қатысуына ынта танытты.
Иранның вице-президенті Иран мен Үндістан алдындағы банктік серіктестіктердегі кедергілерді жоюды екі елдің экономикалық айналымдарын арттыру үшін қажеттілік деп атады.
Үндістанның Тасымал және кеме министрі де кездесуде Үндістан үкіметінің Чабаһар айлағы жобаларының неғұрлым тезірек қолданысқа берілуіне өте мүдделі екендігін айтып, үндістандық бизнесмендердің де Чабаһар айлағына инвестиция салуға ықылас танытып отырғандарын мәлімдеді.
Иранның вице-министрі Исхақ Джаһангири сонымен қатар Теһранда Гананың вице-министрімен кездесуінде ИИР-ның ғылым мен өнеркәсіп және ауылшаруашылығы салаларындағы жетістіктерін Гана сынды дос елдермен бөлісе алатынын мәлімдеді. Гана вице-министрі де ИИР-мен байланыстарды кеңейтуді құптап, екі елдің мұнай-газ, цемент, ауылшаруашылығы мен фармацевтика, медицина және тұрғын үй салалары бойынша ынтымақтастық жасауға әзірлігін мәлімдеді.