Мемлекет басшылары Иран республикасының Президентімен жүздесті
ИИР Президенті дүйсенбі күні Зимбабве республикасының Президенті Роберт Мугабе мен Пәкістан Сенат палатасының төрағасын, сондай-ақ, Сенегалдың Мәдениет және байланыстар министрін, Боливия Президенті Эво Моралестің арнайы өкілін қабылдады.
Рухани Зимбабве республикасының Президенті Роберт Мугабемен кездесуінде Теһран-Хараре арасындағы байланыстардың дамуына қолдау білдіріп: "Иран мен Зимбабвенің ауыл шаруашылығы, ғылым мен мәдениет салаларында әріптестікті кеңейтіп, индустриялық және техникалық жобаларды орындайтын жақсы әлеуеттері мен мүмкіндіктері бар",-деді.
Кездесудің жалғасында Боливияның Әділет министрі Руханиге өз ел Президентінің газға қатысты ОПЕК басшыларының саммитына қатысуға ресми шақыруын табыс етіп: "ИИР-да әр түрлі салаларда әлеуеттер мен мүмкіндіктер бар. Біз Иранды тәуелсіздігі мен өз-өзіне сенімділігі тұрғысынан мақтан тұтамыз",-деді