Там 08, 2017 23:59 Asia/Almaty
  • Исхақ Джаһангири ИИР Президентінің бірінші орынбасары ретінде тағайындалды

Иран Президенті бір қаулы бекітіп, Исхақ Джаһангириді өзінің бірінші орынбасары ретінде тағайындады.

Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауынша, ИИР Президенті Хасан Руханидің қаулысында Исхақ Джаһангириге қаратылып: "Конституцияның 124-бабына сәйкес және міндетемелер деңгейін назарға ала отырып, Сіз 11-ші үкімет кезіндегі, сондай-ақ, атқарушы және заң шығарушы органдардағы адал әрі лайықты қызметіңіз үшін "Президенттің бірінші орынбасары" лауазымына тағайындаласыз",-делінген.  

Хасан Рухани, сонымен қатар, Конституцияның 133-ші бабы бойынша сенім дауысын алу үшін сейсенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісіне министрлердің тізімін ұсынады. 

Мұхаммад Джавад Зариф Сыртқы істер министрі лауазымына, Амир Хатами Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі лауазымына, Бижан Зангане Мұнай министрі лауазымына, Абдолреза Рахмани Фазли Ішкі істер министрі лауазымына және сейіт Махмұд Алави Барлау министрі лауазымына ұсынылып отыр. 

Тегтер