Рухани аймақтың тоғыз елінің басшыларын Наурыз мейрамымен құттықтады
https://itolqyn.com/news/iran-i2980-Рухани_аймақтың_тоғыз_елінің_басшыларын_Наурыз_мейрамымен_құттықтады
ИИР Президенті жеке жолдаулар жіберіп, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкістан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Армения, Түркия, Қазақстан және Өзбекстан елдерінің басшыларын Наурыз мейрамымен құттықтады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 20, 2016 17:27 Asia/Almaty
  • Рухани аймақтың тоғыз елінің басшыларын Наурыз мейрамымен құттықтады

ИИР Президенті жеке жолдаулар жіберіп, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкістан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Армения, Түркия, Қазақстан және Өзбекстан елдерінің басшыларын Наурыз мейрамымен құттықтады.

Иран Президенті Хасан Рухани наурыздық жолдауларында: «Наурыздың жолдауы – бейбітшілік, достық, тілеулестік. Наурыз достық көшетін отырғызу үшін ең жақсы мұрсат»,- деді.

Рухани сонымен бірге Наурызды табиғатпен мейірімді қатынас жасап, татуласудың көрінісі деп атап: «Наурыз – мәдениеттердің тоғысатын мекені, ұлттық мереке және көктемдегі күн мен түннің теңелетін күні.

Наурыз мейрамын тойлайтын елдер наурыз дәстүрінен бастау алған бай мәдениетті қажет етеді. Иран мен «алтылық» тобының ядролық келісімі мен санкциялардың күштерінің жойылуымен бейбіт қатар өмір сүру үшін жаңа жағдай пайда болды»,- деп мәлімдеді.