ДАИШ – Израиль, АҚШ пен Ұлыбританияның ортақ өнімі
(last modified Sun, 13 Aug 2017 08:38:01 GMT )
Там 13, 2017 14:38 Asia/Almaty
  • ДАИШ – Израиль, АҚШ пен Ұлыбританияның ортақ өнімі

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары бригада генералы Салами ислам әлеміндегі ДАИШ құбылысы мен тәкфирлік терроризмді АҚШ, Ұлыбритания мен сионистік режимнің ИИР-ның ислам әлеміндегі ықпалымен күресу үшін шығарған ортақ өнімі деп атады.

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары бригада генералы сардар Хосейн Салами сенбі күні кешке Иранның Бірінші арнасының «Бір көзқарас» атты бағдарламасына берген сұхбатында АҚШ-тың Таяу Шығыста ДАИШ лаңкестік тобын құру тәсілі туралы: «АҚШ пен оның одақтастары дағдарысты басқару үшін өздерінің  әлсіз жерлерін жауып, шиіттер мен сүнниттер арасына іріткі салып, тайпалық қақтығыстар тудыра алатын бір күшті қажет етті.

АҚШ ислам әлемінде алауыздық тудыру үшін  «ДАИШ» атты қатерлі қастандықты тудырды. Алайда, Еуропа мен АҚШ бір күні өздерінің өмірлік мүдделеріне ДАИШ тарапынан қатер төнетінін білуі керек»,-деді. 

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары ислам елдеріндегі қақтығыстарға азаматтық сипат беруді сионистік режимнің қалайтынын айтып: «АҚШ-тың аймақтағы стратегиясы бейберекеттік тудырып, Вашингтонның бүкіл аймаққа саяси-экономикалық үстемдігін жүргізуін қамтамасыз ететін билік орнату болып отыр»,-деді.

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары, сондай-ақ,  жақын арада ДАИШ-тың жойылатынын қуаттады.